Қазақстанның былғары қолғап шеберлері халықаралық турнирде 2 алтын, 4 күміс, 3 қола еншіледі

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Әзірбайжан астанасы Бакуде аяқталған «Ұлы Жібек жолы - 2012» атты ересектер арасындағы бокстан халықаралық турнирде Қазақстанның былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 4 күміс, 3 қола еншіледі,

деп хабарлады еліміздің Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Аталған турнирде ел намысын ҚР Ұлттық құрамасының екінші нөмірлі 6 боксшысы және республиканың екі облысының 5 былғары қолғап шебері қорғады. Сонымен, алтын жүлдеге маңғыстаулық Сүлеймен Бердіқаев және ұлттық құраманың мүшесі Алексей Севастьянов ие болды. Күміс медальді Олжас Сәттібаев, Берік Әбдірахманов, Ерік Әлжанов және Алмат Серімов еншіледі. Ал қола жүлде Теміртас Жүісповке, Мәди Шолақовқа және Марат Молдагереевке бұйырды.

Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеге әлемнің 9 елінен 86 былғары қолғап шебері қатысты.