Қазақстанның Чехиядағы Елшісі ТМД елдері бойынша әріптестерімен кездесті

None
АСТАНА. Желтоқсанның   25-і. ҚазАқпарат -  Қазақстанның  2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық ұйымына төрағалығымен байланысты Қазақстан  Елшісі  Анарбек  Қарашев   бейсенбі күні Прагада     Чех  Республикасында  тіркелген  ТМД  елдері  дипломатиялық миссияларының басшыларымен жұмыс бабындағы түскі ас  өткізді.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметінен   хабарлады.

Шара   барысында        қазақстандық дипломат   әріптестерін   біздің еліміздің  аталмыш ұйымға   төрағалығының  аясындағы      қызметінің  негізгі бағыттарымен  таныстырды.    Қазақстан  Президенті Н.Назарбаевтың  келер жылы ЕҚЫҰ саммитін  шақырту туралы бастамасына     айрықша тоқталып өтті.

Дипломатиялық  миссия басшылары  сондай-ақ,   Ұлы Жеңістің  65 жылдығына  орай   бірлескен   іс-шаралар  өткізу мәселелерін  талқылады.