Басқарма төрағасының айтуынша, қазақстандық банк жапониялық қаржы институттарымен белсенді түрде ынтымақтасып келеді. Мәселен, жапондық банктер Ақтау халықарлық теңіз портын жаңғырту жобасының бірінші кезеңіне қолдау білдірген болса, Тойота компаниясы Қостанайда өз маркаларын шығаруды қолға алған.
«Қазіргі күні «Sumitomo Mitsui Banking Corporation» банкімен 37,3 млн. долларды құрайтын келісімшартқа қол қоятын боламыз. Бұл аса тиімді заем ретінде ұсынылып отыр. Бұл ретте біздің тарап осыған байланысты ешқандай да міндеттемелер алып отырған жоқ», - деді Б. Жәмішев.