Бұл туралы бүгін Астанада халықаралық конференция барысында «ФармМедИндустрия» қауымдастығының президентi Серiк Сұлтанов мәлім етті.
«2015 жылға қарай еліміздің ең ірі «Abdi Ibrahim Global Pharm LLP», Santo Member of Polpharma Group (АО Химфарм), «Ромат», «Қарағанды фармзауыты» мен Алматылық «Nobel» компаниялары жаңа фармацевтикалық зауыттарды салады. Осы мақсатта Қазақстанның дәрі-дәрмек өндірісі саласына жалпы көлемі 234 млн. АҚШ доллары болатын инвестиция тартылды», - деп атап өтті С.Сұлтанов.
Оның айтуынша, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы қазіргі уақытта тиімді шарттар бойынша шетел инвесторларын тартуға мүмкіндік береді.