«Бүгінде адамзат адамгершілік бағдарларынан айырылуы, экстремизм қаупі күшейе түскен шақта жетекші әлемдік конфессиялар көшбасшылары мен олардың жолын ұстанғандарға рухани мұраттар мен құндылықтарды сақтауда айрықша жауапкершілік жүктеліп отыр. Сындарлы диалог, өзаза түсіністік пен құрмет қуатты жасампаз күш болып келеді, соның арқасына әртүрлі мәдениеттер мен діндер адамдарының бейбіт қатар өмір сүруі қамтамасыз етілуде.
«Біздің халқымыздың Пасха мен Рождествоны, Наурыз бен Құрбан айтты бірге атап өтуі дәстүрге айналды. Діндер біріктіруші фактор болып отыр, бұл адамдардың тыныштыққа, бейбітшілік пен келісімге сенімін арттыруда», деген болатын Президент Н.Назарбаев. Сондықдан да осы негізде еліміз одан әрі гүлдене түсіп, азаматтарымыздың әл-ауқаты жақсаруда, балаларды алаңсыз өсіріп, ертеңгі күнге сеніммен қарайды.
Мирополит Александр барлық қазақстандықтарды, еліміздің мұсылман жамағатын ұлық мереке - Құрбан айт күнімен құттықтай отырып, баршаға игілік, ізгі істеріне табыс және Қазақстанның игілігі жолында еңбектеріне жеміс тілеген шынайы ниетін жеткізді.