Қазақстанның демократиялық тамырлары тереңдей түсуде - халықаралық тәуелсіз бақылаушылар миссиясының мәлімдемесі

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның демократиялық тамырлары тереңдей түсуде. Бұл туралы халықаралық тәуелсіз бақылаушылардың ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесінде айтылып отыр.

Мәлімдемеде атап көрсетілгендей, 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында тәуелсіз бақылаушылар тобы Қазақстанда тоғыз саяси партиялардың мүшелері және басшыларымен, сайлау комиссиясының лауазымды тұлғалары және Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесулер өткізген.

Сайлау күні топ мүшелері төрт облыста, атап айтқанда Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Алматы облыстарында, Астана және Алматы қалаларында болды. Біз дауыс беру барысын бақылау үшін алпыс бес сайлау учаскесінде болдық. Олардың арасынан біз бес сайлау учаскесіндегі дауыс санау мен дауыс берудің жабылу үрдісіне қатыстық. Сайлау учаскесі мен одан тысқары жерде жүздеген дауыс беруші азамат біздің өтінішіміз бойынша өз ойларымен бөлісті.

Өткен сайлаудан ерекшелігі сайлаушыларды сайлау учаскесіне жинау және әкімшілік топтастыру арқылы дауыс беруге әкелу көріністері байқалмады. Біз сайлаушылар азаматтық парызы мен патриоттық санасы бойынша өз еркімен дауыс беруге келгенін көрдік.

Жалпы біз сайлау барысын өзіміз барған барлық 65 сайлау учаскесі бойынша ашық әрі жақсы ұйымдастырылған үрдіс ретінде бағалаймыз.