Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан «Болашақ госпиталі» II халықаралық медициналық іскерлік форумында мәлім етті.
Министрдің айтуынша, бұл мәселе, әсіресе, бірыңғай ұлттық жүйе жағдайында ерекше байқалып отыр. «Басқаша айтқанда, бүгінде бірыңғай ұлттық жүйені енгізу шарасының тиімділігі аймақтардағы денсаулық сақтау саласында менеджментті тиімді енгізумен байланысты. Осы ретте елде ауруханалық басқару мен корпоративті басқару жүйесін жаңғырту шарасы жүзеге асырылуда, біздің жас мамандарымыз әлемнің ең үздік деген оқу орындарында білім алып жатыр»,-деді С.Қайырбекова.