«Індетпен күрестің нәтижелі болуы ең алдымен барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне баланысты. Бұл өте қауіпті, батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде. Ашығын айту керек, денсаулық сақту жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті осы мәселе бойынша тергеу жүргізілетіндігін және бұл жағдайдан сабақ алатындығымызды баса айтты. Сондай-ақ, әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға берілетіндігін атап өтті.