Қазақстанның Doing Business рейтингіндегі жағдайын жақсарту үшін заңнамалық жаңа пакет даярланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Қазақстанның Doing Business рейтингіндегі жағдайын жақсарту бойынша заңнамалық бастамалардың жаңа пакеті даярланды. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Б. Сағынтаев әкімшілік жүктемелерді төмендету үшін биылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік үшін ахуалды түбегейлі жақсарту бойынша Заң күшіне енгенін еске салып өтті. Заң бизнеске қатысты рәсімдер мен мерзімдерді және қаржылық шығыстарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.