Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру барысындағы келіссөздердің соңғы сатысын жүргізіп келеді.
«Көпжақты және екіжақты келіссөздер белсенді жүріп жатыр. Еуропа Одағы және АҚШ-қа байланысты екі негізгі мәселе бар болатын. Соның ішінде Еуропа Одағы бойынша мәселелер шешілді деп айтуға болады. Жақын аралықта екіжақты келісімге қол қоятын боламыз. Сонымен қатар, көпжақты мәселелер бойынша, соның ішінде ауыл шаруашылығын қолдауға қатысты сұрақтар да біржақты ыңғайланып қалды деуге болады», - деді депутаттар сұрағына жауап берген министр Досаев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ДСҰ-ға қосылған Ресей тарапынан орын алған кедергілер еңсерілген. «Осыған орай, ағымдағы жылдың соңына дейін келіссөздер белсенді түрде жүргізілсе, соның нәтижесі бойынша Қазақстанның ДСҰ-ға нақты қай уақытта кіретіні де айқын болады», - деді Ерболат Досаев.