Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты келіссөздері АҚШ, ЕО пен Сауд Арабиясының Корольдігімен аяқталу сатысында
14:08, 20 Қаңтар 2011
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты келіссөздері АҚШ, ЕО және Сауд Арабиясының Корольдігімен аяқталу сатысында, деп хабарлайды Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап өту керек, 2010 жылы Қазақстан біздің еліміздің ДСҰ-ның Эквадор Республикасы және Эль-Сальвадор Республикасы секілді Жұмыс тобының мүше-мемлекеттерімен қазақстандық рынокқа тауарлар мен қызметерді жеткізуге сәйкес хаттамаларға қол қоюға қатысты екіжақты келіссөздерді аяқтаған еді.
Қазіргі күні Қазақстан ДСҰ-ның 24 мүше-мемлекетімен қазақстандық рынокқа тауарлар мен қызметтерді жеткізуге қатысты сәйкес хаттамаларға қол қою арқылы екіжақты келіссөздерді аяқтады.