Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасында Ресей үлесі – 92,4%
«Биылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 2130,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 19,1% артты», - делінген ақпаратта.
Экспорт 932,7 млн АҚШ долларына (52,9% жоғары) жасалса, импорт 1197,7 млн АҚШ долларын (1,7% жоғары) құрады.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей үлесі – 92,4%, Қырғызстан – 4,2%, Беларусь – 3,3%, Армения – 0,1%.
ЕАЭО елдерімен экспортта химиялық элементтер бойынша 9,6 есе өсім байқалады. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу бар – 81,3% аз.
Импортта ең үлкен өсім (3 есе) қара металдан жасалған құбырлар мен басқа түтіктер (мысалы, дәнекерленген, тойтарылған) бойынша тіркелді. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша (99,9% аз) төмендеу бар.