ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім еткендей, аталмыш кезеңде ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі ақшалай мәнде 3467,5 млн долларды (өткен жылға қарағанда 16,2 пайызға артық), импорт 7316 млн долларды (+7,3%) құрады.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымының жалпы көлемінің 91,9 пайызы - Ресейге, 4,5 пайызы - Қырғызстанға, 3,5 пайызы - Беларусьқа және 0,1 пайызы Арменияға тиесілі.