Аталған мерзімде ЕАЭО елдерінің экспорты қаржы эвивалентімен алғанда 4600,3 млн долларға, (бұл алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 31,3% көп), импорт 10 998,9 млн долларға жетті (+26,7%). Бұл ретте, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінің 92,3 проценті Ресейге, 4,2 проценті Қырғызстанға, 3,5 проценті Беларусь еліне тиесілі екенін айта кету керек.
08:54, 13 Қаңтар 2018
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 28% өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 2017 жылдың қаңтар-қарашасында қаржы эквивалентімен алғанда 15 599,2 млн долларды құрады. Бұл 2016 жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 28 пайызға көп, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық эконмика министрлігінің Статистика комитеті.