Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7100,4 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда номиналды мәнде 19,8% артты. Соның ішінде экспорт – 2189,7 млн АҚШ долларды (28,6% көп), импорт – 4910,7 млн АҚШ долларды (16,3% көп) құрады.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде:
- Ресей Федерациясына – 92,9%,
- Қырғызстан Республикасына – 3,6%,
- Беларусь Республикасына – 3,4%,
- Армения Республикасына – 0,1% келеді.