Қазақстанның ЕАЭО-мен тауарайналымы ағымдағы жылдың алты айында шамамен 8 млрд. долларды құрады - ҚР ҰЭМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 6 айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі шамамен 8 млрд. долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде.

«2015 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы - 7 805,9 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт - 2 351,1 млн. АҚШ доллары, импорт - 5 454,8 млн. АҚШ доллары», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер, химиялық өнеркәсіп өнімдері, металдар және олардан жасалған бұйымдар, мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, минералды өнімдері, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері, мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары әкелінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылдың 1 қантарында құрылды. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер Қазақстан, Ресей, Беларусь 2011 жылдың 1 шілдесінде Кедендік одақтың, ал 2012 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай экономикалық кеңістік негізін қалаған еді. 2015 жылдан Одаққа Армения, кейін Қырғыз Республикасы қосылды.