Бұл туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттік барлық рейтингтерді растады: шетел валютасындағы ұзақмерзімді эмитенттің дефолті рейтингі (ЭДР) «ВВВ-» деңгейде, ұлттық валютада «ВВВ», ұлттық валютадағы қысқамерзімді ЭДР «F3» деңгейде, мемлекеттік шегі «ВВВ» деңгейде.
Болжамның жоғарылауы және рейтингтердің расталуы қаржылық дағдарыстан кейінгі экономика өсімінің қалпына келуінің жалғасын, төлем балансының жақсаруын және банк жүйесінің тұрақтануы мен мемлекеттік баланстың нығаю белгілерін айқындайды.