Қазақстанның екі азаматшасы Сириядан елімізге көшірілді

None
ӘБУ-ДАБИ. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшілігі мен Амман қаласында уақытша орналасқан ҚР консулдық миссиясы Сириядан Қазақстанның тағы да екі азаматшасы балаларымен қоса көшірілді деп хабарлады.

Атап айтқанда, 16 наурыз күні Әбу-Даби-Алматы әуе рейсімен ҚР азаматшасы Динара Әлиева төрт баласымен Қазақстанға жөнелтілді. 17 наурыз күні Ыстамбұлдан Ирина Алрахим екі баласымен Астанаға аттанды.

Қазақстандық дипломаттар отандастарымыз Сирияның соңғы кезде қауіпсіздік жағдайы күрделеніп кеткен Хомс провинциясынан көшірілгенін хабарлады. Қазақстан Республикасы екі жыл бойы соғыстан көз ашпай отырған |Сириядан өз азаматтарын көшіру бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады. БҰҰ деректері бойынша Сирияда қарулы қақтығыстар кезінде 75 мыңнан астам адам қаза болды.