Қазақстанның екі азаматшасы Йеменнен Мәскеуге эвакуацияланды - ҚР СІМ
17:29, 29 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі азаматшасы Йеменнен Мәскеуге жеткізілді, деп хабарлады «Твиттер» әлеуметтік желісінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
«Қазақстан Республикасының екі азаматшасы - Хаджван Людмила (Павлодардан) және оның қызы Ясмин бүгін ресейлік әріптестердің көмегімен Йеменнен Мәскеуге жеткізілді», - делінген хабарламада.