11 сәуірде Жетісу облысының оңтүстік, орталық және таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігі, шығысына батыстан жел соғып, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Талдықорғанда нөсер жауын жауып, күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
11 сәуір түнде Түркістан облысының тауларына жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Оңтүстік, батыс, таулы және тау баурайындағы аудандарда күн күркіреп, таулы аудандарда бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте 11 сәуір түнде және таңертең күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с болады. Түркістанда 11 сәуірде түннің алғашқы бөлігінде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстік, шығысына солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с.
11 сәуір таңертең Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде күн күркіреуі мүмкін. Облыстың солтүстік-батысында түнде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Абай облысының оңтүстік-батысы, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел тұрып, солтүстік-батысқа ауысады деген болжам бар. Екпіні - 15-20 м/с. Семейде 11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.
Күндіз Ұлытау облысының шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Жезқазғанда 11 сәуірде солтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
11 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстігі, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Күндіз Павлодар облысының көп бөлігінде жылдамдығы 15-20 м/с солтүстік-батыстан жел тұрады. Павлодарда 11 сәуір күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
11 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Оралда 11 сәуірде түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүруі мүмкін.
Алматы облысының оңтүстік, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстік бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік бөлігінде 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде 25 м/с болады. Алматыда кей жерлерде нөсер жауын, найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15 м/с. Қонаевта 11 сәуірде кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.