Қазақстанның екі облысында боран салдарынан жол жабылды
Бүгін 09.45-те Ақмола облысында ауа райының нашарлауына (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты «Екатеринбург-Алматы» жолының 1280-1353 шақырымында, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаске, жүк және қоғамдық көлік үшін жол жабылды.
Бұдан басқа, 8 желтоқсанда 18.15-те енгізілген «Астана-Петропавл» жолының Астана қаласынан Щучинск қаласына дейінгі учаскесінде (18-231 шақырым) көліктің барлық түріне жол қозғалысын шектеу сақталады.
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты мына жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді:
1. «Екатеринбург-Алматы» 1492-1610 шақырым, Қарағандыдан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі учаскеде;
2. «Екатеринбург-Алматы» 1353-1444 шақырым, Ақмола облысынан Теміртау қаласына дейінгі учаскеде;
3. «Екатеринбург-Алматы» 1610-1854 шақырым, Ақсу-Аюлыдан Балқаш қаласына дейін учаскеде жүк және қоғамдық көлік үшін жол жабылды.