Синоптиктердің хабарлауынша, 19 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, жылдамдығы секундына 17-22 метр болады, күндіз кей жерлерде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Қостанай облысында сейсенбі күні найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.
Дауыл тұруы ықтималдылығы - 90-95%
15:17, 18 Маусым 2018
Қазақстанның екі облысында бұршақ жауып, күшті жел соғуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында ауа райына қатысты ескерту жаряланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.