Қарағанды облысында 5 наурыз күні таңертең ерте ТЖД күшімен Қызылорда-Павлодар жолының бойында қар құрсауынан 16 техника, соның ішінде 7 жүк көлігі, 1 шағын автобус, 8 жеңіл автокөлік шығарылды. 55 адам құтқарылды, зардап шеккендер жоқ.
Қызылорда облысында 5 наурыз күні сағат 10.10 кезінде ТЖД және ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ күшімен Қызылорда-Жезқазған жолының бойындағы учаскеден қар құрсауынан МИ-8 тікұшағымен 34 адам Қызылорда қаласына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.