Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қарғын суға байланысты еліміздің екі облысында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

СҚО-да қардың күрт еруі салдарынан «Жезқазған-Петропавл» жолының 719-шақырымында ұзындығы 50 метр жерді су шайып кетуі кесірінен Новоишимовка селосынан Тимирязев ауылының қиылысына дейін, 705-786 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.

Сондай-ақ жолдан судың асып ағына байланысты көліктің барлық түрі үшін мына бөліктерде қозғалыс шектелді:

- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 670-701 шақырымы аралығы,   Тоқсан би учаскесінен Новоишимовка селосына дейін  (681 және  678 км).

- «Екатеринбург-Алматы» автожолы (729-795 шақырым), Қостанай облысының шекарасынан Рузаевка селосына дейінгі учаске. 781 шақырым.

- «Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы», 11-41 шақырым, Петропавл қаласынан Соколовка селосына дейінгі учаске. 29  шақырым.

Қазіргі уақытта көліктің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режімге көшті. Жұмысқа «Қазавтожол» РМК СҚО  облыстық филиалының ДЭУ-63 және ДЭУ-66 қызметкерлері мен 20 бірлік техника тартылды.

Ақтөбе облысында автожолдан судың асып ағына байланысты (219 шақырым 200 м. (ені-30-40 м, биіктігі-80 см)) жолда 2016 жылғы 21 наурызда енгізілген «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз»  ( 200-220 шақырым), Мөңке Би  ауылынан Қайдауыл кентіне дейінші учаскеде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысын шектеу сақталады.

Барлық учаскелерде су өткізу құбырлары бар. Ескерту белгілері, дабыл бағандары қойылды. Тәулік бойы торуылдау жұмыстары қолға алынған.