Қазақстанның екі өкілі ФИФА комиссарлар құрамына енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі өкілі 2018 әлем чемпионатының іріктеу раундының матчының жұмысына қатысу үшін ФИФА комиссарлар құрамына енді, деп жазады Sports.kz.

Қазақстан Кәсіби футбол лигасының президенті Олжас Абраев пен Қуаныш Қанапиянов ресми түрде ФИФА комиссарлар тізіміне енгізілді.

Бұл шешім осы күндері Женевада өтіп жатқан ФИФА комиссарлар мәжілісіне қабылданды. Сондай-ақ, Абраев пен Қанапиянов УЕФА делегаттар тізіміне енеді.