Қазақстанның екі өңірінде бұрқасын салдарынан жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасынның салдарынан тас жолдар жабық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі РҚ ІІМ ТЖ комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 3 ақпан күні сағат 17:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, жол көрінісінің нашарлауы) байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» тасжолының (534-593 шақырым аралығы) барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында 3 ақпан күні сағат 17:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Термез-Ташкент-Алматы» тасжолында (593-632 шақырым аралығы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.