Қазақстанның екі өңірінде тұман түседі
12:08, 12 Желтоқсан 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы мен Шымкент қаласына 12-13 желтоқсанда тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
12 желтоқсан күндіз, 13 желтоқсан тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады.
Шымкентке 13 желтоқсан түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.