Республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және орталық бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде қар жауады, бірқатар аудандарда бұрқасынды жел күшейеді. Республиканың кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең - кей жерлерде тұман түседі. Ақтөбе облысының бірқатар аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады. Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында тұман түседі. Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жел күшеюі мүмкін.
Сонымен қатар, таяудағы үш тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы кейбір өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады.