Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, Бұл туралы «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 21 желтоқсанда Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (күшті боран, жолдың нашар көрінуі) Көктумадан Достық селосына дейін учаске, 83-184 шақырым, «Үшарал-Достық» жолында көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

СҚО-да ауа температурасының -40° С-ге төмендеуіне байланысты облыс бойынша барлық бағыттағы дизельді, қоғамдық, жүк көліктері үшін жол жабық.