Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабық
07:36, 28 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты көліктердің қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлайды «Қазавтожол» РМК-сы.
Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты (жаңбыр жауып, арты қалың қарға ұласып) «Алматы-Өскемен» автожолының бойы (Талдықорған-Үшарал (287-558 км) қоғамдық және жүк көліктері үшін жабық.
Шығыс Қазақстан облысында күшті бұрқасын мен боранның салдарынан «Семей Қарауыл» (3-80 км) бағыты барлық көлік құралдары үшін жол жабық. Сондай-ақ «Алматы-Өскемен» (863-778 Қалбатау-Аягөз ауылдары) автожолында қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.