Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Әкішев мәлім еті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2009 жылы банктік сектордың сыртқы міндеттемелері 8,6 млрд. долларға қысқарып, 2010 жылғы қаңтардың 1-дегі жағдай бойынша 30 млрд. долларды құрады. Алдын-ала деректерге қарағанда, наурыздың соңында олардың сыртқы қарыздары 25,2 млрд. долларды құрады», деді отырыста Д. Әкішев.