Осы орайда министр Ресей жағы жалға алып отырған аумақта аталған заңнама таралған жағдайда нақты айқындалған қадамдарды жүзеге асыруға мүмкіндік болатынын сөз етті.
Сонымен қатар Н. Қаппаров гептил отынымен ұшатын зымыран-тасығыштарға қатысты өзінің азаматтық ұстанымын жеткізді. «Әрине, тез арада гептилден құтылу керек. Біз ресейлік тарапқа біртіндеп гептилді қолданудан бас тартып, отынның экологиялық таза түрлеріне көшу бойынша нақты жоспарды іске асыру мәселесін төтесінен қойдық», - деді министр. Бұл тұрғыда ол ведомство бұл мәселені екі елдің үкіметтері деңгейіндегі комиссияда бұдан әрі қарай көтеретінін айтты.