деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мақаладағы әңгіме экономика саласына қатысты республикада орын алып отырған өзекті мәселелер жайында болып отыр. Жалпы, қазіргі жағдайларға байланысты Қазақстанның экономикалық үлгісі өзгеріске енуі қажет. Ал ондай өзгерістер жоғары деңгейлі мамандардың қатысуымен талқылануы шарт. Сонымен бірге, кейінгі кездері айтылып жүрген жоспарлау мәселелері де біздің экономикадағы өзгерістерге бет бұрғанымыз деп ойлаймын, бірақ бұл тиянақты анықталмаған мәселе», деді К. Сағадиев.
Оның айтуынша, Қазақстан дағдарысты оп-оңай еңсере алған жоқ, қазірдің өзінде айтарлықтай зардаптары да баршылық. «Банк секторындағы, шағын және орта бизнес саласындағы шығындар, бүгінгі күні елімізге қажетті параметрлерге көтерілуге кері әсерін тигізді. Қор нарығындағы жоғалтқанымыз да қомақты. Сондықтан да, біз дағдарыс барысында бастан өткерген қиыншылықты дұрыс бағаламасақ, соған сәйкес салмақты шараларды да қабылдай алмаймыз», деді К. Сағадиев.