Қазақстанның экономиканы қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жеткілікті дәрежеде орнықты, зерделі болды деп санаймыз - Азия даму банкінің экономисі

АЛМАТЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Экономика қалпына келе бастады деген сөз - онда проблема бар дегенді білдірмейді.

Бұл бүгін Алматыда Азия даму банкінің 2010 жылғы Азияның дамуына шолуын таныстыру кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстан үкіметінің экономиканы қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жеткілікті дәрежеде орнықты, зерделі болды деп санаймыз. Ендігі мәселе қолдау шараларының қашан тоқтайтыны және жеке сектордың рөлін қалай босататыны жөнінде болмақ», дейді Азия даму банкінің экономисі Киоши Танигучи. Оның пайымдауынша, мұнай бағасының өсуі активтердің бағасын өсірмейді. Мұнай кірісі Ұлттық қорға бағытталған. Егер үкімет қаржы секторын дұрыс қадағалап, сәтті басқара алса мұнайдың жоғары бағасы экономиканы сабынды көпіршікке жеткізбейді.