Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға мүше болған 25 жылдағы жетістіктері аталып өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) белсенді ынтымақтастығының 25 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Қазақстан 1992 жылғы 30 қаңтарда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің (1995 жылы ЕҚЫҰ-ға өзгертілді)  толыққанды мүшесі болып, ширек ғасырдың ішінде ұйымның дамуына зор үлесін қосып келді. Қазақстан 2010 жылы посткеңестік елдердің ішінен бірінші болып ұйымды басқарды», делінген хабарламада.

2010 жылдың желтоқсан айында Астана, 11 жылдан кейін, қазіргі және болашақ қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын анықтау үшін мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен ұйымның туы астында алғаш рет маңызды және соңғы ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастырды.

Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінде қабылданған декларация ұйымның алдында тұрған міндеттері мен сын-қатерлерін айқындайтын, кең ауқымды құжат болып табылады. Астана декларациясы қақтығыстардан және елдер арасындағы қарама-қайшылықтардан еркін, еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістігінде ұйымға барлық қатысушы мемлекеттерін біріктіруге, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған қауіпсіздік қоғамдастығын құруды көздейді.

ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов 30 қаңтарда Астанада депутаттық корпустың өкілдерінің, атқарушы билік органдарының, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың қатысуымен өткен ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның отырысында қатысушыларды ҚР-ЕҚЫҰ ынтымақтастығының 25 жылдығымен құттықтап, Қазақстанның Ұйымдағы мүшелігі кезеңіндегі жетістіктерін атап өтті.