Вице-министр атап көрсеткендей, IV форумда егжей-тегжей қаралуды және тиімді шешуді талап ететін азаматтық сектордың бүгінгі ең өзекті проблемалары үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын қаржыландырудың қағидаларын анықтау және қолданыстағы заңнамалардағы қайшылықтарды реттеу болып табылады. Ғ.Телебаевтың пікірінше, «IV Азаматтық форумда әлеуметтік қызметтерге конкурсты қандай құқықтық негізде өткізу керек - Мемлекеттік сатып алулар туралы заңның негізінде ме немесе Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңның негізінде ме - осы мәселені анықтау керек».
Вице-министр сондай-ақ, Қазақстанның алдағы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығы қарсаңында елдің азаматтық секторын дамыту мәселелерін де қарастыру керек екенін атап көрсетті.