Сенатордың пікірінше, қазіргі уақытта ЕҚЫҰ жұмысындағы оң өзгерістер үшін белгілі бір жағдайлар Ресей-Америка қатынастарын «жеңілдетеді». Бұл өзгерістер, ең алдымен, Ұйымның үш - әскери-саяси, экологиялық және гуманитарлық бағытына қатысты.
«Қазақстан осы бағытта келісім жасай алады - ол Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздерге ғана негізделмейді. Қазақстанның қауіпсіздік бөлігінде өзіндік әзірленімдері бар. Мысалы, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға кең көлемді бағдарламамен келеді. Бұлар - ұжымдық қауіпсіздік, ядролық қарусыздандыу және әлемдік қаржы», деді М.Маргелов.