Қазақстанның ел бірлігі доктринасының негізі де, мағынасы мен идеясы да - Тәуелсіздік - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е. Тоғжан
«Қазақстанның ел бірлігі» доктринасының негізі де, мағынасы да - тәуелсіздік. Қазақстанның ең негізгі құндылығы ретінде - Тәуелсіздігі, осы доктринаның өзегі ретінде беріліп отыр. Ондағы үш бөлім сол Тәуелсіздікті ары қарай нығайта түсуге бағытталған мәселелер. Сондықтан да, Қазақстан үшін тәуелсіздіктен артық құндылық, қасиетті, терең құндылық болуы да мүмкін емес. Жалпы, қазаққа тәуелсіздік 1991 жылы келгенімен, оның қалыптасу кезеңі біртіндеп жүзеге асты. Ал қазіргі уақытта біз сол жылдары еліміздің тәуелсіздік іргетасы мықты қаланғанының куәсі болып отырмыз», - деді жиынға жетекшілік еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжан.
Сонымен бірге, Төраға орынбасары доктрина арқылы «ел бірлігі, ұлт бірлігі» ұғымы жаңғыртылып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, «бірлік» ұғымы ықылым заманнан қазақтың елдігі үшін күн тәртібінен түспеген мәселе. «Тәуелсіздікті ел бірлігі арқылы нығайту мәселесі ең маңызды дүние. Біз осы уақытқа дейін жалпы қоғамдық келісім туралы сөз қозғап келген болсақ, бүгінгі күні нақты елдің бірлігі туралы мәселені алға шығарып отырмыз», деді Е. Тоғжан.