«Қазақстанның электронды энциклопедиясы жасалады. Бұл шынымен бірегей бағдарлама, бір сайтта Қазақстанның тарихы мен болашағы туралы барлық дүниелерді табуға болады. Аталған жоба «ЭКСПО-2017» көрмесінде Қазақстанды таныстыру аясында өте өзекті жоба болып табылады», - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, министрлік ЭКСПО шарасына байланысты арнайы жоспар жасақтады. Бұл жоспар бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесінде Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси маңызы туралы презентациялар өткізіледі. «ЭКСПО-2017» көрмесі мен халықаралық және Астананың қаржылық орталық ретіндегі әлеуеті мәдени-туристік кластерді құруға қажетті елорданың жаңа мәдени инфрақұрылымының дамуын талап етеді», - дейді А.Мұхамедиұлы.