Белгілі болғандай, 2012 жылдан бастап Қазақстандағы барлық лицензияларды беру е-лицензиялау жүйесі арқылы жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде Қазақстан Республикасында 16 218 электрондық лицензиялар берілді. Оның ішіндегі ең танымалы құрылыс-құрастыру жұмыстары, медициналық/білім беру қызметі және алкоголдік өнімдерді сақтау және іске асыру болды. Сонымен қатар талап етілетіндердің ішінде - нотариалдық және фармацевтикалық қызметтермен айналысуға арналған лицензиялар. Е-лицензиялау санының көпшілігі Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында берілген.
Осыған байланысты, Elicense.kz . жүйесі лицензиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі болып табылады, яғни ол арқылы Қазақстан Республикасында берілген әрбір лицензияның дәйектілігін және мәртебесін тексеруге болады.
Үрдістер, міндеттер және ақпараттар көлемінің өсуі интерфейске жаңа талаптар қояды. Ең маңыздысы, әрбір қалаушыға лицензияның навигациясын алу оңай және оған қажетті тарауды табу қолайлы болуы тиіс.
Сондықтан да оңтайландыру барысында тікелей пайдаланушымен талқылау жұмысы басты назарда болды. Қазан айынан бастап Астана қаласында кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен фокус-топтар өткізілуде.
Кездесуге қатысушылар бұрынғы дизайынның қандай элементтері қолайсыз немесе түсініксіз және бұл қалай болуы тиіс екендігі туралы өздерінің ұсыныстарымен бөліседі. Атап айтқанда, жеке кабинеттің көрінісін өзгерту, басты бетті көбіне ықшамды етіп жасау, ал айдарларды электрондық үкімет egov.kz . порталының мысалы бойынша санаттарға бөлу ұсынылды.
Кездесудің аясында жаңа дизайнның алдын ала дайындалған үлгісі көрсетілді. Оны ынта білдірген кез келген адам көріп, талқылай алады. Таяу уақытта әлеуметтік желідегі egov.kz бетінде жоспарланған өзгерістер бойынша толық ақпарат пайда болады. Оған фокус-топтың қатысушылары айтқан ұсыныстар қосылады. Барлық үлгілер пайдаланушылардан пікірлер алынғаннан кейін қосымша жетілдірілетін болады.
Elicense.kz порталының жаңа интерфейсі 2014 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.