Қазақстанның Елшісі Е.Әли Эфиопияның Президенті М.Тешомаға сенім грамоталарын тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Ерлік Әли Эфиопияның Президенті Мулату Тешомаға сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Рәсім шеңберінде қазақстандық дипломат М.Тешомаға қазіргі кезеңдегі Қазақстанның дамуы, елдің сыртқы саяси бастамалары, Президент Н. Назарбаевтың екіжақты қатынастарды дамыту туралы қойған міндеттері туралы хабардар етті. Африкалық Одақ шеңберінде өзара іс-әрекет маңыздылығы баса айтылды.

Өз кезегінде, М. Тешоме ҚР Президенті Н. Назарбаевқа ізігі тілектерін жолдады және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысқа дайындығын білдірді.

Сондай-ақ ол Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жемісті жұмыс тіледі.