Бес күнге созылған жарыста Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 14 команда, барлығы 150 зілтемірші мықтыны анықтады.
Жылдағы дәстүр бойынша, 105 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшыға ақшалай сыйлық пен Илья Ильин атындағы кубок берілді. Бұл бәсекеде қызылордалық Рүстем Сыбай кубок пен сертификаттың иегері атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша, Алматы облысының ерлер командасы топ жарды. Қызылорда облысының командасы екінші орыннан көрінсе, Шығыс Қазақстан облысы мінбердің үшінші сатысына шықты.
Ал әйелдер арасында Алматы қаласының спортшылары жеңімпаз атанса, қалған орындарды Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары иеленді.
Сондай-ақ, жерлестеріміз Рүстем Сыбай мен Әсем Садықова 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:
48 келі әйелдер:
1. Юлия Потасова (Алматы) - 145 (65 80)
2. Гүлнұр Ыбырай (Алматы) - 126 (57 69)
3. Наталья Бедрик (Алматы) - 125 (57 68)
53 келі әйелдер:
1. Әсел Амангелді (Алматы) - 175 (78 97)
2. Александра Лачкова (Алматы) - 163 (76 87)
3. Ақмарал Үргешбаева (Ақтөбе) - 142 (62 80)
58 келі әйелдер:
1. Сәуле Сәдуақасова (Қостанай) - 195 (85 110)
2. Лидия Ануфриева (ШҚО) - 183 (83 100)
3. Мадина Астамирова (ШҚО) - 180 (82 98)
63 келі әйелдер:
1. Әсем Садықова (Қызылорда) - 200 (90 110)
2. Екатерина Долгих (ШҚО) - 165 (70 95)
3. Елизавета Белоусова (ШҚО) - 160 (70 90)
69 келі әйелдер:
1. Майра Файзуллаева (ОҚО) - 210 (90 120)
2. Анжела Чалкарова (Алматы) - 193 (85 108)
3. Екатерина Быкова (ШҚО) - 178 (78 100)
75 келі әйелдер:
1. Раушан Мешітханоа (Алматы қ.) -212 (102 110)
2. Диляра Пржанова (Қызылорда) - 152 (67 85)
3. Анеля Сумбембаева (ШҚО) - 146 (65 81)
90 келі әйелдер:
1. Валерия Дежнина (Қостанай) - 185 (85 100)
2.Нұрай Касеналы (Алматы қ.) - 143 (65 78)
3. Индира Кеңесбекова (Қызылорда) - 137 (58 79)
90 келі әйелдер:
1. Александра Аборнева (ОҚО) - 240 (105 135)
2.Айзада Мүптілда (Алматы қ.) - 236 (101 135)
3. Данагүл Исапа (Алматы қ.) - 195 (85 110)
56 келі ерлер:
1. Асанханұлы Алмат (Қызылорда) - 203 (88 115)
2. Аян Байзаков (Қостанай) - 202 (87 115)
3. Рахат Бисембаев (ШҚО) - 187 (81 106)
62 келі ерлер:
1. Игорь Сон (Алматы) - 269 (119 150)
2. Әділбек Балхаев (Қызылорда) - 259 (124 135)
3. Ерболат Жоламанов (Қызылорда) - 237 (105 132)
69 келі ерлер:
1. Михаил Дроздов (Алматы) - 295 (135 160)
2. Александр Ким (Алматы қ.) - 264 (123 141)
3. Айдос Тұрсынбай (Қызылорда) - 260 (120 140)
77 келі ерлер:
1. Альберт Линдер (Алматы) - 327 (145 182)
2. Айдар Казов (СҚО) - 325 (140 185)
3. Андрей Снегуров (Қарағанды) - 299 (134 165)
85 келі ерлер:
1. Семен Линдер (Алматы) - 342 (160 182)
2. Медет Джундубаев (Алматы) - 308 (138 170)
3. Кирилл Староверкин (Қарағанды) - 290 (136 154)
94 келі ерлер:
1. Айбек Жәнібеков (ОҚО) - 336 (151 185)
2. Аят Әмірбеков (Қызылорда) - 330 (145 185)
3. Дәулет Мырзахметов (Алматы қ.) - 315 (140 175)
105 келі ерлер:
1. Рүстем Сыбай (Қызылорда) - 377 (166 211)
2. Алихан Шайхиддинов (ОҚО) - 341 (155 186)
3. Ильдар Миннияров (Қостанай) - 330 (145 185)
105 келі ерлер:
1. Ибрагим Берсанов (Алматы) - 367 (170 197)
2. Евгений Колесников (ШҚО) - 285 (125 160)
3. Игорь Полозов (ШҚО) - 263 (113 150)