«Аталған іс-шара аясында республикалық медициналық ұйымдардың жоғары білікті мамандарының қатысуымен шеберлік сыныптары, операциялар, консультациялар, дәрістер өткізу жоспарланған. Олар құрамында: кардиохирургтер, нейрохирургтер, травматологтар, хирургтер, онкологтар. Оның ішінде халықаралық деңгейдегі кардиохирург Юрий Пя, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас хирургы Серік Ақшолақов, республиканың штаттан тыс бас травматолог-ортопеді Нұрлан Батпенов, сондай-ақ басқа да білісті дәрігерлер бар»,-деп атап өтілген ҚР ДСМ мәліметінде.
Бұл шара кезінде қазақстандық дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өздерінің білімін шыңдауға, біліктілігін арттыруға, сұрақтар қоюға, қазақстандық медицина майталмандарымен және еліміздегі танымал басқа да дәрігерлермен пікір алмасуға мүмкіндік алады.
«Жоғары технологиялар күндері» акциясының Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында өткізілетіндігін атап өту керек. МӘМС-ті енгізу дәрігерлік көмекке мұқтаж адамдардың барлығына аталған қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған акция 31 мамырға дейін жалғасады.