26 жастағы Валерияның туған жері Өскемен. Бірақ көбінесе шетелдерде жаттығады. «Леди Mail.Ru» ақпараты бойынша, Цой шетелдік сайттың «Олимпиада ойындарының ең әдемі спортшы қыздары» рейтінгісіне де шыққан. Онда жерлесіміз 14-орыннан көрінген екен.
10:14, 07 Ақпан 2014
Қазақстанның ең сұлу спортшы қызы анықталды
АСТАНА ҚазАқпарат - Сочидегі олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын сноубордшы Валерия Цой Қазақстанның ең сұлу, ең тартымды спортшы қызы деп танылды. Сұлу-спортшылардың рейтингісін танымал сайттардың бірі жасаған.