Қазақстанның энергия ресурсы 90 жылға жетеді - В. Школьник

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан энергия тиімділігі деңгейі бойынша дамыған елдерден 2,5 есеге кейін қалып отыр. Бұл туралы бүгін Халықаралық энергетикалық агенттіктің жарияланымы мен Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің энергикалық саясатын шолуға арналған INOGATE бағдарламасының тұсаукесеріне арналған шарада ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

«Энергия тиімділігі біздің ынтымақтастығымыздың тақырыптарының бірі екендігін атап өткім келеді. Бұл өте маңызды. Өйткені, өндірістегі энергия шығындары ішкі жалпы өнім бірлігінде 1000 долларды құрайды. Әзірше, біз дамыған елдерден 2-2,5 есеге арта қалып отырмыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, энергия тиімділігі біздің бәсекеге қабілеттілігімізді артырудағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

«Қазақстанның энергетикалық ресурстармен уақытша қамтамасыз етілуі шамамен 90 жылды құрайды. Бұл бізде барланған көлем. Біз геологиялық іздеу әрі барлау жұмыстары одан ары жалғасуы тиістігін түсінеміз. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, біз мұнан да мол көлемді әлі барлаған жоқпыз», - деді В.Школьник.