Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Орталық Азия елдері үшін төмен биржалық бағаға, экономиканың төмен өсіміне байланысты белгілі бір қиындықтар бар. Осы ретте бұл мәселелерді шешумен қатар, тұрақты өсімді қамтамасыз етуге талпыну керек.
«Біздің ойымызша, бұл тұрғыда белгілі бір жақсы әдістер бар. Бұл тәсілдер бүгінде іске асырылды, оның ішінде монетарлық саясатқа қатысты болып отыр. Сондықтан да кейбір елдер өздерінің айырбас бағамын икемді етті. Қазақстан өзінің валютасын еркін бағамға жіберу шешімін жасады. Бұл өз кезегінде қысқа мерзімді перспективада сын-қатерлерді азайтып, белгілі бір икемділікке қол жеткізу үшін жақсы шешім болды деп есептейміз»,-деді ол.
Сонымен қатар К. Лагард монетарлық саясат қаржылық секторда белгілі бір әлсіздікті айқындады. Осы орайда ол қысқа мерзімді перспективада пруденциалдық шаралар мен қаржылық супервайзерлік қызметті қолдануға кеңес берді. Бұл қадамдар елеулі ілгерілеушілікке көмектеседі.
Ал орта және ұзақ мерзімді саясатқа тоқталсақ, Орталық Азияның әрбір елі диверсификацияға көбірек талпынып, тұрақты өсімнің әдістерін іздестіруі тиіс.
«Мұнымен қоса, шетелдік инвесторлардың қатысуы үшін экономиканың ашықтығын арттыру пайдалы болар еді»,-деді К. Лагард.