АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық еркін күрес шеберлері Варшавада Вацлав Циолковскиді еске алуға арналған халықаралық турнирде 4 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстанның күрес федерациясына сілтеме жасап.
Күміс медальдарды Қуат Әміртаев (61 кг), Амандық Бакеев (70 кг), Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 кг) және Мамед Ибрагимов (97 кг) жеңіп алды.
Қола жүлдеге Нұрислам Санаев (57 кг), Дәурен Жұмағазиев (70 кг), Болат Сақаев (74 кг) және Бахтияр Ізбасаров (79 кг) лайықты деп танылды.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.