Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары биатлон бойынша әлем кубогының эстафеталық жарысына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Антхольц-Антерсельвада биатлон бойынша әлем кубогының алтыншы кезеңі эстафеталық жарыспен аяқталады, деп хабарлады Sports.kz.

Ерлер эстафетасы Астана уақытымен сағат 15.45-те басталады. Қазақстан құрамасы 16 номермен жарысқа шығады. Команда құрамында Ян Савицкий, Антон Пантов, Сергей Наумик пен Александр Трифонов бар.

14 номермен бақ сынайтын әйелдер құрамасында Елена Хрусталева, Анна Кистанова, Александра Сассина мен Марина Лебедева бар.

Нәзік жандылар арасындағы сын сағат 20.00-де басталады.