«Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея өзіне азаматтық қоғамның әмбебап құрылымының барлық үздік сипаттамаларын енгізгенін айтты. Достық, бейбітшілік, тыныштық пен сенім еліміздің қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігі. Бұл жетістікке Қазақстан азаматтарының арқасында қол жеткізілді», - деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, Қазақстанның этносаралық қатынастар моделі уақыт сынынан өткен және басқа мемлекеттер мен халықтар үшін үлгі.
«Қабылданған Ассамблея Үндеуі халқымызды ең құнды игілігіміз - бейбітшілік пен келісімді нығайтуға шақырады. Біз бірге жоғары мақсаттарға ұмтылуымыз қажет. Өйткені, біз бір елдің, бір жердің баласымыз», - деді Даниал Ахметов.