Қазақстанның футбол федерациясы құрама жаттықтырушысы Красножанмен қош айтысатынын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Оралда жұртшылықпен кездесу кезінде елдің ұлттық құрамасының тәлімгері Юрий Красножанмен қош айтысатынын мәлім етті, деп жазады Sports.kz.

«Тараптардың өзара келісімімен келісім-шартты ұзартпауға шешім қабылданды», - деп мәлімдеді қазақстандық футболдың басшысы.